Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізді.
Командалардың ойыны тартысты болды. Бірінші кезеңде ресейлік клуб бір гол салды. Екінші кезеңде командалар бір-бір гол соқты. Үшінші кезеңде қазақстандық команда бір шайба енгізіп, таразы басын теңестірді.
Осылайша кездесу 2:2 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда ресейлік команда жеңіс шайбасын соғып кетті.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Металлург» (Магнитогорск, Ресей) 2:3 ОТ (0:1, 1:1, 1:0, 0:1)
0:1 — Исхаков (Минулин, Михайлис) — 06:04
0:2 — Исхаков (Михайлис, Петунин) — 25:06
1:2 — Томпсон (Веккьоне, Уолш) — 35:17 ГБ
2:2 — Уолш (Веккьоне) — 54:39
2:3 — Барак (Смолин) — 60:47
Қақпашылар: Бояркин — Смолин
«Барыс» клубы бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 20 ақпанда Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай) клубымен кездессе, 22 ақпанда Ресейдің «Северстальв» (Череповец) командасымен шеберлік байқасады.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform.














