Естеріңізде болса, елордалық ұжым кеше, 13 наурызда, буллит бойынша «Адмиралдан» (5:4) басым түсті. Дегенмен 64 матчта небәрі 35 ұпай жинаған «Барыс» ҚХЛ-ның Шығыс конференциясында 12-орында келеді.
Ал «ГоловойОбЛед» мәліметінше, жылдың басында жалақыны кешіктіру — дәстүрге айналған мәселе. Себебі клуб бюджетіне қатысты құжаттарға қол қойылғанша біраз уақыт керек.
«Алдағы аптада жалақы толық төленуі тиіс», — деп жазды дереккөз.
Фото: instagram.com/barys_official.