Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында (КХЛ) ең жас құрамға ие клубтар рейтингінде төртінші орынға жайғасты. Команда ойыншыларының орташа жасы – 24,7, дейді 1bol.kz.
Лиганың ең жас командасы болып «Сочи» танылды. Бұл клубтағы хоккейшілердің орташа жасы – 24,4.
Жалпы рейтинг келесідей:
- «Сочи» — 24,4 жас
- «Спартак» (Мәскеу) — 24,6 жас
- ЦСКА (Мәскеу) — 24,7 жас
- «Барыс» (Астана) — 24,7 жас
- «Амур» (Хабаровск) — 24,8 жас
- «Торпедо» (Нижний Новгород) — 25,1 жас
- «Динамо» (Минск) — 25,6 жас
- «Автомобилист» (Екатеринбург) — 25,7 жас
- «Северсталь» (Череповец) — 26,0 жас
Фото: ХК «Барыс».