Қазақстандық «Барыс» командасы 12 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазірге дейін командалар 56 мәрте шеберлік байқасты. Оның 25-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 42 ұпаймен 19-орынға жайғасса, СКА 60 ұпаймен 12-орында келеді.
Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 2026 жылдың 14 ақпанда Ресейдің «Лада» (Тольятти) клубымен кездессе, 17 ақпанда «Металлург» (Магнитогорск), 20 ақпанда Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай), 22 ақпанда Ресейдің «Северстальв» (Череповец) командаларымен шеберлік байқасады.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform.














