«Барселонаның» экс-футболшысы «Қайсарға» ауысуы мүмкін: ол Гави және Фатимен бірге ойнаған.
Литвалық «Паневежис» клубының жартылай қорғаушысы Лукас де Вега мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бірнеше күн бұрын «Кайсар» 25 жастағы «Барселона» түлегімен байланысқа шыққан, оның литвалықтармен келісімшарты 31 желтоқсанда аяқталады. Қызылордалық клубтың жаңа басшылары мықты легионерлерді қатарға қоспақ ниетте екен:
«Біз келіссөздер жүргізіп жатқанымызды растай аламын. «Кайсар» – Лукасқа қызығушылық танытқан командалардың бірі. Оның жасы мен керемет маусымын ескерсек, бұл таңқаларлық жағдай емес», – деді ойыншының агенті Фелипе Мело.
Де Вега Бразилияда дүниеге келген, бірақ бала кезінде Испанияға көшіп кеткен, сондықтан ол екі елдің де жасөспірімдер құрамасында да ойнаған. «Барселона» академиясында Ансу Фати, Гави, Нико Гонсалес және Илайш Мориба сияқты жұлдыздармен бірге доп тепті.
Жалпы алғанда, жартылай қорғаушы «Паневежис» үшін 64 матч өткізіп, 15 гол соқты. Оның трансферлік құны 350 000 еуроға бағаланып отыр.
«Қайсар» жаңа маусымнан бастап тек қана қазақстандық ойыншыларды емес, легионерлерді де қатарына қосуды жоспарлап отыр. Исламғали Қозбақовқа тиесілі клуб шетелдік ойыншыларды іздеу үшін трансферлік нарыққа шықты.
Сурет: ашық дереккөздерден














