Бұған дейін Балаусаның 6 маусымда Алматыда All Stars Boxing турнирі аясында кезекті жекпе-жегін өткізетінін хабарлаған болатынбыз. Алайда, оның қарсыласы бүгінге дейін белгісіз болып келген.
Айя Рамадан кәсіпқой бокста 4 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. Балауса Мұздыман 7 жекпе-жектің бәрін жеңіп, 5 рет нокаут тіркеді.
Қазақ боксшысы соңғы рет 5 сәуірде рингке шыққан болатын. Астанада өткен бокс кешінде ол филиппиндік Мария Тереза Пилиниді (7-2, 2 КО) төрешілер шешімі бойынша жеңді.