Қазақстандық сұлу боксшы Балауса Мұздыман (8-0, 6 КО) әлемдік деңгейдегі үлкен жекпе-жекке шығады, деп жазады penalty.kz.
Балауса Мұздыман Алматыда әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
Балауса 5 қыркүйекте Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында UBO (Universal Boxing Organization) тұжырымы бойынша екінші жеңіл салмақтағы бос тұрған әлем чемпиондығы белбеуіне таласады. Қарсыласы үнділік Мамта Сингх (8-2-1, 5 КО) болады.
Мұздыманның кәсіби жолы
27 жастағы қазақстандық боксшы 2017 жылы кәсіпқой рингте дебют жасаған. 2023 жылы қайтадан рингке оралып, үлкен нәтижелерге жетті.
- 2024 жылдың шілдесінде Таиландтағы жекпе-жекте WBA Asia белбеуін жеңіп алып, Азия чемпионы атанды.
- Қазақстанда өткен үш айқасты қатарынан жеңіспен аяқтап, енді әлемдік титулға қол созып отыр.
Қарсыласы туралы
Мамта Сингх та тәжірибелі қарсылас. Ол былтыр тағы бір қазақстандық боксшы Ангелина Лукасқа қарсы шығып, WIBF және WBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белдіктерді сарапқа салған. Ол кезде жеңіліс тапқанымен содан бері төрт рет қатарынан жеңіске жетіп, Мұздыманға қарсы айқаста Қазақстаннан кеткен есесін қайтаруға ниетті.
Фото: NUR.KZ.