Қазақстан Футбол Одағының бұрынғы вице-президенті Тілекбек Ақпаев ұлттық құрамадағы бас бапкердің міндетін атқарушы Талғат Байсуфиновтың болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Ақпаев жылдар бойы жүргізілген тәжірибелер ешқандай нәтиже бермегенін атап өтті:
«Ұлттық құрама қазір нәтиже көрсетуі тиіс еді. Біз әрдайым жеңілістер арқылы табысқа жетеміз деп айта алмаймыз – бұл өте күлкілі болып көрінеді. Көптеген іріктеу кезеңдерінен өттік, бірақ әлі де қиындықтарға тап болып жатырмыз. Команданы отандық бапкерлерге де сеніп тапсырдық: Вахид Масудов Иракқа қарсы матч алдында тағайындалды, бірақ нәтиже болған жоқ. Сергей Тимофеев келді, нәтиже болған жоқ. Пахомов та ерекше есте қаларлықтай ештеңе жасай алмады.
Бірақ Арно Пайперстің кезінде жақсы нәтижелер тіркелді: Бельгиямен екі рет тең ойнадық, үйде және сырт алаңда, сондай-ақ Армения мен Сербияны жеңдік. Бұл соңғы орында қалып қоймау үшін жасалған шағын, бірақ маңызды қадамдар болды. Адиевтің келуі де біраз нәтиже берді, бірақ Грекияға қарсы ойын біздің ойыншыларымыздың әлі де жоғары деңгейге көтерілу керектігін көрсетті».
Сонымен қатар, Ақпаев қазіргі кезең бетбұрыс кезеңі болуы мүмкін және Байсуфинов ұлттық құрамаға қажетті нәрсені бере алады деп санайды:
«Бұл Байсуфиновтың ұлттық құрамаға үшінші рет келуі. Оның жұмысы айқын көрініп тұр: тактикадағы өзгерістер, мотивация және ең бастысы, ойыншылар оның жеңіске деген ұмтылысына сенеді. Мен оны глттық құрамада қалдыру нұсқасын қарастырар едім. Оған 2030 жылға дейін уақыт беру керек — команда бір-біріне үйреніп, өссін. Ол жаңа нәрселерді үйреніп, соны енгізуге тырысады және бұл ұлттық құрамаға пайдасын тигізуі мүмкін. Біраз уақыттан кейін ұлттық құраманың қаншалықты бәсекеге қабілетті екені белгілі болады», — деді Ақпаев.
Талғат Байсуфинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Бельгиядан 6:0 есебімен жеңілгеннен кейін Әли Әлиевтің орнына бас бапкері міндетін атқарушы болып бекітілді. Оның басшылығымен ұлттық құрама Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македониямен тең ойнады (1:1).
Іріктеу кезеңінің соңғы матчында Қазақстан Бельгиямен тең ойнап (1:1), топ көшбасшыларын маңызды ұпайлардан айырды. Бірақ жолдастық кездесуде Фарер аралдарынан 1-0 есебімен жеңілді.














