Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов «Ақтөбе» клубына ұсынылды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Жыл басында 57 жастағы маман Қазақстан футбол федерациясымен келісімшартын ұзартып, ұлттық құраманың толыққанды бас бапкері атанған болатын.
Ал «Ақтөбеге» келсек, «ақ-қызылдардың» жаңа басшылығына болгариялық бапкер Николай Костовтың жұмысы ұнамауда.
Қазіргі таңда Байсуфиновтың бұл қызметке тағайындалу ықтималдығы төмен, алайда алдағы күндері жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында бас бапкер қызметіне үміткер бірнеше маманның есімі аталған еді. Олардың қатарында Владимир Вайсс, Виктор Скрипник және басқа да бапкерлер бар.
Фотода: Талғат Байсуфинов.














