• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 29 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ұлттық спорт

Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылды

United World Wrestling-тің мүшелігінде болу да маңызды

28/10/2025
in Ұлттық спорт
0 0
0
Александр Бублик жеке рекордын жаңартты
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Бүгін Түркістан төріндегі Olympic Center спорт кешенінде ересектер арасында төл спортымыз – қазақ күресінен Азия біріншілігінің алауы тұтанады.

Аталған дода барысында Qazaq Kuresi Ассоциациясының жиналысы өтіп, төл спортымызды ары қарай дамытуға бағытталған бірқатар мәселе көтерілді.

Атап айтсақ, қауымдастықтың жұмысына қысқаша есеп беріліп, стратегиялық бағдарды айқындап, шетелдік және облыстық федерацияларға тапсырмалар және есеп беру мерзімдері анықталды.

Жиналыста Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов сөз сөйлеп, қауымдастықтың қызметіне байланысты есеп берді.

– Бүгін біз төл спортымыз – қазақ күресінің даму жолындағы жаңа кезеңінде тұрмыз. Ассоциацияның бастамасымен әлем және Азия чемпионаттары, әлем кубогтары мен халықаралық турнирлер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда қазақ күресінен 11 әлем чемпионаты, 13 Азия чемпионаты, 6 әлем кубогы, сондай-ақ 6 Еуропа чемпионаты мен 2 Африка чемпионаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған бірыңғай аттестациялау мен біліктілікті арттыру курстары өтті, — деп атап өтті ол.

Одан бөлек Дамир Бекбосынов UWW және өзге де халықаралық федерациялармен жасалған серіктестік арқасында жарыстарды ұйымдастырудың электрондық заманауи Arena және Athena электрондық жүйелері толық қолданысқа берілгенін атап өтті. Осының барлығы Ассоциацияның кәсіби деңгейде және халықаралық стандарттарға сай қызмет етуіне мүмкіндік бергенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ жиында белгілі болғандай, қазақ күресінің тұрақты дамуы мен стратегиялық шешімдердің тиімді жүзеге асуы үшін Ассоциацияда Атқарушы комитет құрылды. Оның құрамына Туризм және спорт министрі, Ассоциациының президенті Ербол Мырзабосынов, Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы, қауымдастықтың вице-президенті Ринат Мұхамедқали, Министрліктің Спортты дамыту дирекциясының директоры, вице-президент Ерлан Естек, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры, вице-президент Қайрат Пазылбек, Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры, хатшы Дамир Бекбосынов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппаратының басшысы Батырбек Әбділдин және Шымкент қаласының көкпар федерациясының президенті Балтабай Асан кірді. Бұл орган Ассоциацияның ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асырып, қабылданған шешімдердің орындалуын үйлестіріп отырмақ.

– Атқарушы комитеттің құрамына спорт саласының тәжірибелі басшылары мен мамандары енді. Олар ұлттық және халықаралық деңгейде ұйымдастырушылық, әдістемелік және әкімшілік процестердің барлығын үйлестіріп, Ассоциация жұмысының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етпек. Осылайша, Qazaq Kuresi Ассоциациясының басқару жүйесі қазіргі заман талабына сай институционалды деңгейге көтерілді.

Басқару тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ассоциациямызда 8 комитет пен 3 департамент құрылған болатын. Олар төрелік, медицина, халықаралық ынтымақтастық, маркетинг, даму және кадр саясаты сияқты бағыттардағы нақты міндеттерді жүзеге асырып жатыр, — деді Дамир Бекбосынов.

Сонымен қатар ол Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясының ресми түрде құрылып, жұмысын бастағанын ерекше атап өтті.

– Осы орайда Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылғаны туралы жағымды жаңалықпен бөлісуге рұқсат етіңіздер. Бұл қазақ күресін Азиялық және Олимпиадалық кеңістікке шығару жолындағы келесі тарихи қадамдардың бірі екені сөзсіз. Бұл жаңа құрылым Азия құрлығындағы барлық ұлттық федерацияның жұмысын біріктіріп, бірыңғай даму стратегиясы мен жарыс күнтізбесін айқындайды. Сондай-ақ спортшылар мен жаттықтырушылардың халықаралық деңгейде аттестациядан өтуін қамтамасыз етеді және United World Wrestling (UWW) және Олимпиадалық Кеңес (OCA) стандарттарына толық сәйкес даму стратегиясын қалыптастырады, — деп атап өтті.

Жиналыс барысында жаңадан құрылған Федерацияның басшылық құрамы да белгілі болды.

– Хариш Тияги – Президент, Парвин Тияги – Бас хатшы лауазымына тағайындалды. Осы орайда, алда Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясының Атқарушы комитетінің құрамы жасақталады деген үміттемін. Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры ретінде мен 2026 жылдан бастап біздің барлық шетелдік федерациялар міндетті түрде ересектер арасындағы ел чемпионатын жылына 1 рет өткізуді, әр тоқсан сайын ZOOM платформасы арқылы жиналысқа қатысуды тапсырамын, — Дамир Бекбосынов.

Өз кезегінде Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры қазақ күресін дамытудағы басты басты мақсатымен де бөлісті. 

– Ассоциацияның ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты – қазақ күресін Азия және Олимпиада ойындарының бағдарламаларына қосу. Бұл бағыттағы жұмыстарды Олимпиадалық Кеңестің (OCA) талаптарына сай жүргізіп жатырмыз, — деді ол.

Сонымен қатар қазақ күресін Азия ойындарына енгізу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын да тілге тиек етті. 

– Біздің стратегиялық бағытымыздағы басты мақсатымыз – әр шетелдік федерацияның өзінің ұлттық олимпиадалық комитетімен мойындалуы және де мемлекеттік спорт түрлері реестріне қазақ күресін енгізу. Осы жолда көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. United World Wrestling-тің мүшелігінде болу да маңызды. Себебі, біз халықаралық жарыстарымызды осы ұйымның аясында өткіземіз. Алдағы уақытта қазақ күресінің әдістемелік базасын, қауіпсіздік нұсқаулығын және қазақ күресінің жаңартылған ережесін ресми сайтымызда жариялаймыз. Сондай-ақ қазақ күресінің 100 жаттығу видео нұсқаулығын дайындауды жоспарлап отырмыз. Әр шетелдік федерация Ассоциация тарапына үнемі жан-жақты қолдау білдіруге дайынбыз, — деді Дамир Бекбосынов.

Фото: Күнсұлтан Отарбай.

Tags: Qazaq Kuresiқазақ күресіҚазақ күресі федерациясы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Александр Бублик жеке рекордын жаңартты

Велоспорт: Валерия Кузнецова жасөспірімдер Азиадасында күміс жүлде алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

ҚХЛ: «Барыс» түзде «Авангард» командасымен кездеседі

29/10/2025
Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

Футзал: «Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайды

29/10/2025
Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

Қысқы Олимпиаданың басталуына тура 100 күн қалды

29/10/2025
Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

Қазақ күресінен келесі әлем чемпионаты қайда өтеді

29/10/2025

Ең көп оқылған

Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

ҚХЛ: «Барыс» түзде «Авангард» командасымен кездеседі

29/10/2025
Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

Футзал: «Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайды

29/10/2025
Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

Қысқы Олимпиаданың басталуына тура 100 күн қалды

29/10/2025
Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

Қазақ күресінен келесі әлем чемпионаты қайда өтеді

29/10/2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

ҚХЛ: «Барыс» түзде «Авангард» командасымен кездеседі

29/10/2025
Қазақстан жастар құрамасы қатысатын әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

Футзал: «Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайды

29/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In