• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 20 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Олимпиада

Азиаданы жеңген Қазақстан шорт-трекшілері әлем чемпионатына қатысады

Азия ойындарында ел құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль олжалаған

13/03/2025
in Олимпиада
0 0
0
Жәнібек Әлімханұлы «Канело» Альваресті күйзеліске түсіруге дайын
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Ертең Қытайдың Бейжің қаласында шорт-тректен кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді, деп жазады 1bol.kz.
Биылғы бәсекеде спортшылар 500, 1000 және 1500 метрге жекелей қашықтықта жарысады. Сондай-ақ ерлер – 5000, әйелдер – 3000 метрге эстафетада жүлделерді сарапқа салады. Бұдан бөлек аралас эстафета бойынша да жарыстар өтеді.

Жер жаһанның ең үздік спортшылары бас қосатын бәсеке 1976 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Тұсаукесер жарысты АҚШ-тың Шампейн қаласы қабылдады. Ал Бейжің құрлық біріншілігін осымен үшінші мәрте өткізгелі жатыр. Бұған дейін бұл қалада 1993 және 2005 жылдардағы әлем чемпионаты ұйымдастырылған.

Петр Гамидов жаттықтыратын шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары биылғы жаһандық додаға жоғары дайындықпен аттанды деп айтуға болады. Биылғы ақпанда Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында жерлестеріміз 1 алтын, 2 күміс медаль олжалап, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Қытайдағы бәсекеде спортшыларымыз шорт-трек спортынан 30 жылдан бері қысқы Азия ойындарында бұйырмай келген алтын медальді ел қоржынына салды. Алғашқы алтынды Әділ Ғалиахметов, Айбек Нәсен, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Абзал Әжіғалиев, Глеб Ивченко иеленіп, мерейімізді асырды.

Сондай-ақ Харбинде 2000 метрге аралас эстафетада сайысқа түскен Әділ Ғалиахметов, Малика Ермек, Денис Никиша, Яна Хан финалдық сында күміс жүлдеге қол жеткізсе, әйелдер құрамасы да 3000 метрге жарыста күміс медаль еншіледі. Малика Ермек, Зейнеп Құмархан, Алина Әжіғалиева, Мадина Жанбосынова, Яна Хан, Ольга Тихонова бастаған спортшылар ел сенімін ақтады.

Харбиндегі жарыстан кейін Қазақстанның ерлер құрамасы Италиядағы Әлем кубогіне қатысып, 5000 метрлік эстафетада қола медаль жеңіп алды. Құрама сапында Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Денис Никиша және Мерсаид Жақсыбаев өнер көрсетті. Бұл – Қазақстан құрамасының 2024-2025 жылғы Әлемдік тур кезеңіндегі екінші жүлдесі. Бұған дейін 2024 жылдың желтоқсанында әйелдер құрамасы 3000 метрлік эстафетада қола медаль еншілеген.

Осылайша, шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы биылғы маусымда тәуір нәтиже көрсетіп, Бейжіңдегі әлем чемпионатына үздік құрамалардың бірі ретінде барды.

Айта кетейік, былтыр Нидерландтың Роттердам қаласында өткен әлем чемпионатында Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанып, әлем біріншілігі тарихында ел қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын. Сол жылғы жарыста отандасымыз 9 дүркін әлем чемпионы, Пхенчхан Олимпиадасының алтын және қола жүлдегері қытайлық Линь Сяоцзюньге аздаған басымдықпен жол берген еді.

Шорт-тректен Бейжіңдегі әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар:

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко;

Әйелдер: Яна Хан, Зейнеп Құмархан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжіғалиева.

Фото: ҰОК.
Tags: АзиадаПетр Гамидовшорт-трек
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Екі қазақ боксшысы әлем чемпионатының ширек финалында қарсылас атанды

Екі қазақ боксшысы әлем чемпионатының ширек финалында қарсылас атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

Ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарихын жазуға дайын!

19/08/2025
“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

19/08/2025
«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

19/08/2025
Қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қарағандыда футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлінеді

19/08/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

Ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарихын жазуға дайын!

19/08/2025
“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

19/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In