• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ұлттық спорт

Ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту қарқынды жалғасуда

Ербол Мырзабосынов өңірде есеп беру кездесуін өткізді

5 марта, 2025
in Ұлттық спорт
0 0
0
Ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту қарқынды жалғасуда
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қарағанды облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға қоғам белсенділері, өңір азаматтары, өңірлік спорт федерацияларының басшылары, туризм саласының кәсіпкерлері, спортшылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде Ербол Мырзабосынов министрліктің биылғы жұмыстары, туризм, спорт және ойын бизнесі саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Елімізде спорт және дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың саны 8,4 миллионға жетті. Бұл ел халқының 41,4%-ын құрайды. Ауылдық жерлерде 3,1 миллион адам спортпен айналысады. Ал Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 38,9%-ға, яғни 442 мың адамға тең. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің саны 79 мыңнан асады.

Модульдік үлгідегі жылдам салынатын спорт нысандарын салу арқылы жергілікті жерлерде, соның ішінде ауылдарда спорт инфрақұрылымын кеңейту жалғасуда. Өңірде Бұқар жырау ауданының Қарақұдық, Абай ауданының Топар және Ақтоғай ауданының Сарышаған кенттерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілсе, жасанды жабыны бар 49 спорт алаңы және 11 көпфункционалды хоккей мұзайдыны салынды.

«Қарағанды – елімізге әлемдік деңгейдегі чемпиондарды сыйлаған облыс. Бұл өңірден Геннадий Головкин, Серік Сәпиев, Василий Жиров, Эльмира Сыздықова сынды даңқты спортшылар шыққан. Облыс спортшылары Олимпия ойындарында 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған. Алайда, кейінгі екі Олимпиадада өңір спортшылары жүлдесіз қалды. Бұл спорт резервін даярлау жүйесінде олқылықтардың барын көрсетті. Бұған дейін Қарағанды спортшылары Бейжіңде – 16, Риода – 10, Токиода – 6 жолдама жеңіп алса, биылғы Париж Олимпиадасына небәрі 3 лицензия иеленді. Бұл аймақтағы спорт жүйесін қайта қарастыру қажеттігін көрсетеді. Өздеріңіз білесіздер, қазір басқару вертикалін қалпына келтіру мақсатында өңірлік спорт басқармаларының басшылары министрлік жанынан құрылған комиссияның келісімімен бекітіледі. Комиссия Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына Олимпиада чемпионы, жерлестеріңіз Серік Сәпиевтің кандидатурасына келісім берді. Оның тәжірибесі мен білімі аймақтағы спорт резервін нығайтуға, жүйелі реформаларды жүзеге асыруға және Қарағанды спортының даңқты дәстүрін қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді деген сенімдемін», – деді Ербол Мырзабосынов.

Министр еліміздің барлық өңірінде спорт нысандарының ауқымды түгендеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Түгендеу қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 1859 нысанның 10 пайызы немесе 186 объектінің қажетті параметрлерге сәйкес емес екені анықталды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде спорттық инфрақұрылымға аса мұқтаж өңірлердің, атап айтқанда ауылдық жерлердің тізбесі айқындалды.

Өңір тұрғындарымен кездесуде Ербол Мырзабосынов еліміздің бірегей табиғаты мен бай мәдени мұрасы бар екенін, туристік мүмкіндіктерін толық пайдалану керектігіне ерекше тоқталды.

Жалпы, облыста туризмді дамытуда Балқаш курорттық өңірі мен Қарқаралы ауданы ерекше маңызға ие. 2024 жылдың алғашқы 9 айындағы мәліметтерге сәйкес, өңірде саланың негізгі көрсеткіштерінде қалыпты өсім байқалады. Былтырғы 9 айда Қарағанды облысында 306,3 мың адамға, оның ішінде 16 мың шетелдік қонаққа қызмет көрсетілді. Туристерге көрсетілген қызметтер көлемі 42%-ға артқан. 2024 жылы өңірде 13 жеке жоба іске қосылды.

«Маусым айында Мемлекет басшысы туризм саласын дамытуға арналған үлкен жиналыс өткізгенін білесіздер. Осыған орай, тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы ерекше бақылауда болуға тиіс. Қазіргі таңда Балқаш қаласының қалалық жағалауын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл өңірге келетін туристердің бос уақытын тиімді өткізуге, қаланың орталығын тамашалауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар қала маңындағы туризмге, атап айтқанда Абай ауданындағы Шерубай-Нұра (Топар) су қоймасының жағалауын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Балқаш қаласы әуежайының перроны мен жермен жүру жолдарын қайта жаңарту жұмыстары басталды», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі.

Сондай-ақ министр заңсыз ойын бизнесі және лудоманиямен күрес бойынша атқарылып жатқан шараларға да тоқталып өтті.

Биыл 31 мамырда заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Ойын автоматтары мен лотерея терминалдарын әкелуді лицензиялау, заңсыз құмар ойындардың жарнамасын шектеу шаралары, лудомандар мен олардың жақындарына онлайн-қолдау көрсету енгізіледі. Құмар ойындарға және бәс тігуге үнемі қатысатын азаматтардың санын 350 мыңнан 200 мың адамға дейін азайту жоспарлануда.

Министр есеп беру кездесуінен кейін азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Фото: ТСМ Баспасөз қызметі.

Tags: Ербол МырзабосыновҚР Туризм және спорт министрлігі
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Астаналық жас хоккейшілер Канадада күміс жүлде қанжығалады

Астаналық жас хоккейшілер Канадада күміс жүлде қанжығалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In