• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Тұлға мен тарих

Ауыл спортын дамытуға бағытталған маңызды қадам жасалды

Каратэ федерациясымен әріптестік – жобаның дамуына тың серпін береді

04/03/2025
in Тұлға мен тарих, Ұлттық спорт
0 0
0
Ауыл спортын дамытуға бағытталған маңызды қадам жасалды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бұқаралық спортты дамыту бағытында жаңа қадам жасалды.

Halyk қайырымдылық қоры мен “Қазақстанның каратэ федерациясының одағы” ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл келісім ауылдық аймақтардағы спорт инфрақұрылымын жақсартуға, ауыл балалары мен жасөспірімдерін спортқа баулуға, бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ ауылдық жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, бұл бастама жас спортшыларды қолдауға, олардың әлеуетін дамытуға және спорттық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде еліміздің көптеген ауылдық аймақтарында спорт инфрақұрылымының жеткіліксіздігі, жаттықтырушылар мен төрешілердің тапшылығы байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, бұл жоба ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ететін маңызды бастама.

Каратэ федерациясымен әріптестік – жобаның дамуына тың серпін береді

«Қазақстанның каратэ федерациясының одағы» – еліміздегі жетекші спорттық ұйымдардың бірі. Оның ауыл спортының дамуына атсалысуы каратэ спортын өңірлерде кеңінен таратуға, жас спортшыларға тәжірибелі жаттықтырушылардан тәлім алуға, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Бүгін каратэ федерациясымен жасалған меморандум – AUYL SPORT жобасының одан әрі дамуына зор үлес қосатынына сенемін. Бұл серіктестік ауылдық жерлерде спорттың дамуына тың серпін беріп, жас спортшыларға жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді Halyk қорының атқарушы директоры Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы.

Бұл меморандум еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мен қайырымдылық мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Құжатқа қол қойған тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты тереңдетіп, ауылдық спорттың қолжетімділігін арттыру үшін бірлесе жұмыс істейтіндерін мәлімдеді.

Еске салайық, жоба 2024 жылы облыстық деңгейдегі турнирлерден бастау алды. Оған 200 ауылдан 12 мыңнан астам бала мен жасөспірім қатысып, спортқа деген қызығушылықтарын танытты. Каратэ – жоба аясында қамтылған алты спорт түрінің бірі. Жобаның республикалық турнирінің финалы еліміздің 17 облысынан 1300-ден астам жас спортшыны бір алаңда тоғыстырып, ауыл спортын жаңа деңгейге көтерді.

Halyk қайырымдылық қоры – еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарды қолдауға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бастамаларға ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан ірі ұйым. Қор ауылдағы спортты дамытуға 500 миллион теңгеге жуық қаржы бөлді. Сонымен қатар, осы күнге дейін 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, оған 85 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсады.

AUYL SPORT жобасы – ауыл спортының жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етіп, болашақ чемпиондардың шығуына мүмкіндік береді! Тимур Құлыбаевтың бұл бастамасы ауыл балаларына спорт арқылы жаңа мүмкіндіктер сыйлауға деген ұмтылысының жарқын көрінісі.

Фото: vesti.kz.

Tags: AUYL SPORTКаратэ
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Данияр Елеусінов жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Данияр Елеусінов жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In