• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Вторник, 19 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ұлттық спорт

AUYL SPORT: ауыл балаларынан құралған команда халықаралық турнирде жеңіске жетті

Ұлдар чемпион атанса, қыздар үздік үштікті түйіндеді

25/07/2025
in Ұлттық спорт
0 0
0
«Астана» Конференция лигасының алғашқы матчында жеңіске жете алмады
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Шалғайдағы ауыл мектебінен үлкен аренаға шыққан жас спортшылар Қырғызстанда 2008–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен халықаралық волейбол турнирінде ел намысын қорғап, мерейін үстем етті. Бұл жарысқа «Auyl sport — 2024» республикалық турнирінің жеңімпаздары – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының қыздар командасы мен Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылының ұлдар командасы қатысты, деп жазады 1bol.kz. 

Қарапайым жаттығу залынан басталған жол Қырғызстан төріндегі жеңіске ұласты. Бұл – Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры жүзеге асырып жатқан «AUYL SPORT» нәтижесі. Жоба ірі кәсіпкер, спорт жанашары Тимур Құлыбаевтың ауылдағы талантты жастарға жол ашу жөніндегі стратегиялық бастамасы.

Бұл тек спорт жеңісі емес, ауыл баласының жігері мен елге деген адал махаббатының айғағы. Осындай рухты жастарды қолдау – еліміздің болашағына салынған инвестиция.

Жарыс барысында үлкен тартысқа толы ойындар өтті. Ұлдар арасындағы финалда Үшқоңыр ауылының командасы Қырғызстанның Чу облысы, Мраморное ауылының ұжымын 2:0 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Қыздар арасындағы додада Бескөл ауылынан барған волейболшы қыздар тамаша ойын көрсетіп, жүлделі үшінші орын иеленді.

Команда жаттықтырушысы Анастасия Эйникис сапар демеушісі болған Halyk қорына алғысын айтты.

«Бұл жарысқа біз «Auyl sport» жобасында чемпион болған құраммен қатыстық. Halyk қорының қолдауы арқасында халықаралық деңгейдегі сайысқа алғаш рет қатысып, қола жүлдегер атандық. Қырғызстанда алғаш рет болып отырмыз. Қордың бұл жобасы болашақта да жалғасын тауып, жақсы нәтижелер әкелетініне сенеміз», — деді ол.

Ал жарысқа қатысқан спортшы Таисия Высоцкая халықаралық турнир үлкен тәжірибе болғанын жасырмады.

«Халықаралық турнирге бірінші рет қатысып тұрмын. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Қарсыластарымыз мықты болды, дегенмен біз жақсы ойнап нәтиже көрсеттік. Үшінші орын жеңіп алдық. Демеушілерге алғысымыз шексіз, осы сапардың арқасында шекара асып, ел намысын қорғадық», – дейді волейболшы.

Halyk қорының Атқарушы директоры, «Auyl sport» жобасының жетекшісі турнирдің маңыздылығын атап өтіп, балаларға қолдау көрсету басты басымдықтардың бірі екенін айтты.

«Қор балаларға әрдайым қолдау білдіруге ниетті. Әсіресе ауылда өскен талантты балалардың үлкен аренаға шығуына жағдай жасауға қашанда дайынбыз. Осындай жобалар арқылы олардың болашағына бағыт беріп, сенім сыйлай аламыз. Бұл қолдау бұдан әрі де жалғасады», —  деді Ғалымбек Жақсылықұлы.

Айта кетейік, «AUYL SPORT» 2024 жылдан бастап ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту, талантты балаларды қолдау және кәсіби спортқа бағыттауға жұмыс істейді. Бүгінде бұл бастама аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 10 мыңнан астам бала түрлі спорт түрімен жүйелі түрде айналысып жүр.

AUYL SPORT бағдарламасының тиімділігін дәлелдейтін тағы бір айғақ – Сербияда өткен GYMNASIADE халықаралық сайысында 12 ауыл баласының 6 медаль жеңіп алуы. Енді сол тәжірибе Kazakhstan Open аясында жалғасып, ауыл спортшылары халықаралық аренаға сенімді қадам басып отыр.

Фото: AUYL SPORT.

Tags: AUYL SPORT
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Астана» Конференция лигасының алғашқы матчында жеңіске жете алмады

«Ақшаны босқа шашамыз»: Танымал бапкер Қызылордадағы жаңа стадионды сынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

Ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарихын жазуға дайын!

19/08/2025
“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

19/08/2025
«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

19/08/2025
Қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қарағандыда футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлінеді

19/08/2025

Ең көп оқылған

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

Ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарихын жазуға дайын!

19/08/2025
“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

19/08/2025
«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

19/08/2025
Қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қарағандыда футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлінеді

19/08/2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

Ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарихын жазуға дайын!

19/08/2025
“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

19/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In