Жаһандық дода 13–21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загребте өтеді. Ресейлік спортшылар турнирге бейтарап мәртебеде қатысуға құқылы.
Бастапқыда Садулаев 97 келіге дейінгі салмақтағы негізгі қатысушылар қатарында болғанымен, соңғы тізімге оның орнына Магомед Курбанов енгізілді.
Ресейдің спорттық күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили жағдайды былай түсіндірді:
«Садулаевқа виза берілмегендіктен әлем чемпионатына қатыспайды. Ал Заурбек Сидаков бойынша әлі жауап күтіп отырмыз», – деді ол.
Айта кетейік, Садулаев биыл сәуір айында да дәл осы себеппен Еуропа чемпионатына бара алмаған еді. 29 жастағы балуан – қазіргі заманның ең титулды спортшыларының бірі. Оның қоржынында:
- 2016 және 2020 жылғы Олимпиадалардың алтын медальдары;
- алты мәрте әлем чемпионы атағы;
- төрт дүркін Еуропа чемпиондығы бар.
Фото: © Дмитрий Челяпин / Матч ТВ.