Олимпиада жүлдегерлерінің бас-басына екі-үш мәшинеден беріп жатыр екен.
Әбиба үшіншісін алыпты осымен. Асыра сілтеп жіберген жоқпыз ба осы?
Мені қынжылтатыны – математикадан, физикадан, ғылым-білімнен орын алып, олимпиадада оза шауып келген оқушыларды ешкім ескермейді.
Соларды неге өстіп қолдамаймыз?
Спортқа кетіп жатқан есіл ақшаны ойласам ішім ашиды кейде.
Саншама ақша салып, олимпиададан осынша ғана орын алсақ, на.. керек ол?
Ақшаны ғылым-білімге, өнертабысқа салып, соларды қолдап, ғылыммен алаңсыз айналысатындай етіп жағдайын жасайық та одан да.
Олардың жағдайын жасау – елдің де жағдайын жасау, болашағымызға инвестиция салу деген сөз ол!
Жолымбет МӘКІШЕВ.