Бүгін Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды. Оған 26 елден 210 спортшы қатысады.
Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында келесі спортшылар қатысады:
•Кирилл Герасименко,
•Алан Құрманғалиев,
• Ескендір Харки,
•Айдос Кенжеғұлов,
•Санжар Жұбанов,
•Сарвиноз Миркадирова,
•Зәуреш Акашева,
•Анастасия Лаврова,
• Әнел Бақыт,
•Ангелина Романовская.
Жарыс BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында өтіп жатыр. Көрермендер үшін кіру тегін. Чемпионатты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Жарыстар күнделікті таңғы сағат 10:00-де басталады. Чемпионат 13 қазан күні аяқталады.
Фото: olympic.kz.