Испанияда «Challenge Mallorca» сериясының қорытынды бір күндік жарысы өтті.
Жарыс жаппай спринтпен аяқталды. XDS Astana Team шабандозы Макс Кантер мәреге 250 метр қалғанда спринтті ашып, нәтижесінде екінші орынға ие болды.
Red Bull–BORA–hansgrohe командасының мүшесі, бельгиялық Арне Марит жеңіске жетті, оның командаласы, итальяндық Алессио Магагнотти үшінші орынды иеленді.
Жарыс аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасының неміс спринтері Макс Кантер команданың үйлесімді жұмысын жоғары бағалады.
— Жарыс бойы қолдау көрсеткені үшін командаға алғыс айтқым келеді. Біз бүгінгі күнге жақсы жоспар құрдық және бәрі біз ойлағандай болды. Жарақат салдарынан Глеб Сырица жарыс жолынан шығып қалды, финалда оның орны білініп тұрды. Майк Тениссен бір шақырым белгіден мәреге дейін керемет ауысым жасады, ол соңғы 400 метрге дейін созылды. Ол жерде төмен жылдамдықпен сәл ертерек шығуға тура келді. Нәтижесінде мәре бірінші болып келе алмадық. Дегенмен, бізде екінші жүлделі орын бар, сондықтан біз бұлжарысты жақсы көңіл-күймен аяқтаймыз. А»Challenge Mallorca»лда жаттығу жиыны бар, — деді Макс Кантер.
«Challenge Mallorca» сериясының бес жарысының қорытындысы бойынша XDS Astana Team командасының есебінде екі жүлделі орын бар. Атап айтқанда, Макс Кантердің екінші орны және «Trofeo Serra Tramuntana» жарысында Кристиан Скаронидің үшінші орны.
Фото: XDS Astana Team / SprintCycling.














