XDS Astana Team велошабандозы Хенок Мулюбырхан Жапонияда өтіп жатқан «Тур Кюсю» көпкүндік жарысының екінші кезеңінде үшінші орын алды.
114,85 шақырымдық кезең Минамиогуни мен Минамиасо қалаларының арасындағы бағытта өтті және тартысты топтық спринтпен аяқталды. Бірінші орынды бельгиялық Дрис Де Путер (Intermarché — Wanty, 2:35:47) иеленсе, екінші болып француз Геофрей Сойпе (TotalEnergies) мәре сызығын кесіп өтті. Үздік үштікті Қазақстан командасының өкілі, эритреялық спортшы Хенок Мулюбырхан түйіндеді.
Жалпы есепте екі кезеңнің қорытындысы бойынша Мулюбырхан жетінші орынға көтерілді.
— Команда қолдауының арқасында сәтті спринт өткізуге мүмкіндік туды. Бүгінгі кезең біз үшін сәтті өтті, екінші мәрте өрге бастағанда 14 шабандоздан тұратын шағын топ алға шықты, мен Николямен бірге сол топта болдым. Николя шабуыл жасауға тырысты, мен де қолдадым, бірақ негізгі топ қуып жетті, бәрі мәре сызығында шешілді. Кеше жақсы мүмкіндік қолдан кетіп еді, бүгін нәтижеге жеттік. Ертең жаңа кезең — тағы да сынға түсемі, — деді Мулюбырхан команда баспасөз қызметіне.
Айта кетейік, бұған дейін XDS Astana Team шабандозы Маттео Малучелли Қытайда өткен «Тур озера Тайху» көпкүндік жарысында жеңіске жеткен болатын.
Фото: XDS Astana Team/SprintCycling.