«Астана» ФК 2026 жылғы маусымға қойылған міндеттерді орындау үшін қомақты қаражат бөле алатын инвестор іздеуде, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазіргі уақытта әртүрлі инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде, бірақ бұл процесске клубтың 2025 жылғы ойыншылар мен жаттықтырушылар алдындағы қарыздары кедергі келтіруі мүмкін.
Сондай-ақ, бейресми мәліметтерге сенсек, «Астана» клубы ойыншыларға 2024 жылғы сыйақыларын да бермеген.
Елордалықтар 2025 жылғы ҚПЛ маусымында екінші орын алды.
Фото: Астана ФК.














