• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 4 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Велоспорт

Өзгелер Рамазаннан өнеге алса игі еді

3 июля, 2024
in Велоспорт, Теннис, Тұлға мен тарих, Футбол
0 0
0
Өзгелер Рамазаннан өнеге алса игі еді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Рамазан Оразов тағы да шетел біріншілігін бағындырып көретін болды.

Осы жолы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы алыстағы Данияны таңдапты. Былтыр өз елінің кубогін еншілеген командамен биыл Еуропа лигасында өнер көрсетпек.

Оразовтың трансферінің мән-жайы толық ашылмай тұр. Әзірге футболшы мен «Силькеборгтің» үш жылға келісімшартқа отырғаны туралы ғана ақпарат бар. Қалған дүниенің барлығын алдағы уақытта біле жатармыз. Ол қатты маңызды да емес. Шын мәнінде маңызға ие дүние — Рамазан Дания чемпионатын бағындыра ала ма? Иә, топ-5 біріншііктің қатары емес, әрине. Біраз тәжірибе жиып қалған жартылай қорғаушының жаңа біріншілікте биіктен көрінетін барлық мүмкіндігі бар деп те сенеміз. Дегенмен, скандинавия елдерінің өзіндік ерекшеліктерге ие екені тағы бар. Ол жақтағы ауа райы факторі, жасанды төсеніш дегендей. Енді газон тұрғысында Рамазан үшін үлкен бір айырмашылық бола қоймас. ҚПЛ-дегі клубтардың басым бөлігі Даниядағыдай жасанды төсеніште ойнайды.

Скауттар бір жылдан бері зерттеп келген  

Жаңа клубы қазақстандықты жақсы қарсы алғандай. Жанкүйерлердің әлем желідегі жазбалары да көңілден шығады. Команда басшылығы да жылы қабақ танытуда. «Ақтөбеде» доп тепкен футболшының ойынын бір жылдан бері бақылап жүрген көрінеді. Рамазан «Силькеборг» селекционерлерінің назарын сол Данияға қарсы эпикалық матчтан кейін аударса керек. Содан бері әбден зерттей келе осы жақында ресми ұсыныстарын да жасапты. Рамазан оны, әрине қабыл алған. Жалпы, бұл футболшының тәуекелге бел буатын бір жақсы қасиеті бар. Рамазан жаңа қадам жасаудан қорықпайды. Оны «Қайратта», кейін «Ақтөбеде» жүрген жерінен басқа біріншіліктерге жетелеген де осы қыры еді. «Зона комфорта» дейміз ғой. Содан шығуға жүрексінбейтін жігіт екен Рамазан. Енді соның жемісін жесе дейсің.

     Рамазан Еуропа лигасында бақ сынайды  

Отандасымыздың жаңа клубы жайлы не айтуға болады? «Силькеборг» Дания біріншілігінің ортаңқол ұжымы екен. Былтырғы бәсекеде жүлдеге іліне алмаған — тек алтыншы орын. Бірақ ел кубогі жолындағы жарыста топ жарған. Енді соның арқасында биыл еурожарысқа жолдама алып отыр. Рамазан Оразов ресми тек 1-шілдеден команда сапында жасыл алаңға шыға алады екен. «Силькеборг» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінен сайысқа түспек. Қазақстандық ойыншы жаңа ұжымына тез сіңісіп, жаңа біріншілікке бірден бауыр басып кетсе, еурододада өзін көрсетуге мүмкіндік алмақ. Ал оған еш күмәніміз жоқ. Мәселе, сол адаптация тұрғысында ғана болып тұр. Рамазан Оразов осыған дейін Ресейде, Латвияда және Словенияда доп теуіп көрді. Шетелдік ұжым, жаңа чемпионат таңық болмауы тиіс. Өзге ұжымға бейімделуде аз-маз тәжірибесі бар деген сөз. Сондықтан, қаншалықты спецификалық ерекшеліктері болса да, скандинавия футболына төселуі қиындықсыз өтеді деп есептейміз. Ақылды футболшы «Ақтөбеге» де керек еді. Қазақстандық команда да биыл ел намысын еурокубокте қорғамақ. Бірақ, Рамазанның кәсіби жетілуі үшін осындай шешімін дұрыс деп есептейміз. Қазақ футболының соңғы жылдар жүзіндегі талантты өкілінің «Силькеборгпен» шектелмейтіне сенгіміз келеді. Рамазан одан ары скауттар көзіне түсіп, жақсы бір чемпионаттың жақсы бір командасына барса дейміз. Футболшының соңғы екі-үш жылдағы басты мақсаты да сол болған сыңайлы: топ-чемпионатқа ауысу. Отандасымыз жаңа команда жейдесінде алғашқы сұхбатын да беріп үлгеріпті. Бағымды сынағым келді, өзімді шыңдағым келді депті. Дұрыс! Өзгелер осы Рамазаннан өнеге алса игі еді. Тәуекелге бел буып, қадам жасау жағынан жартылай қорғаушыға тек «браво» дейсің-ақ.

Фото: Рамазан Оразов «Силькеборг» командасының жейдесінде

Tags: Champions LeagueThe Presidents CupUFCUS SportsValentino RossiZlatan Ibrahimovic
admin

admin

Next Post
Қазақстан мен Норвегия Алматыда кездесу өткізетін болды

Қазақстан мен Норвегия Алматыда кездесу өткізетін болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In