Әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатында топ жарды.
Белоруссиялық теннисші финалда әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимованы қапы қалдырды – 6:3, 7:6 (7:3).
Осылайша, А.Соболенко АҚШ біріншілігінде екінші жыл қатарынан үздік шықты. Өткен жылы ол тағы бір америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 7:5 есебімен ұтқан болатын.
Бұл – белоруссиялық спортшының «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі төртінші титулы. Ол 2023 жылы Аустралия ашық чемпионатында соңғы бәсекеде қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңген еді.
А.Соболенко биылғы АҚШ чемпионатында 5 млн долларға қол жеткізіп, тапқан табыстары жөнінен теннис тарихында үздік үштікке енді. Оның табысы 42,2 млн АҚШ долларына жетті.
Алда апалы-сіңлілі Серена және Винус Уильямстер ғана тұр.
Фото: Сhampionat.