Аргентиналық жартылай қорғаушы Леонель Струмия ақтаулық «Каспий» клубына ауысуға жақын, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазіргі таңда тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр, ал футболшы жақын арада жаңа командасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады.
Струмия Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралу үшін жалақысын айтарлықтай қысқартқан.
2023–2024 жылдары аргентиналық футболшы «Ақтөбе» сапында өнер көрсетіп, команда капитаны болды. Кейін ол Кипрдің АЕЛ (Лимасол) және Черногорияның «Будучность» клубында ойнады. Струмия Қазақстанға дейін Аргентина мен Латвия чемпионаттарында доп тепкен.
Фотода: Леонель Струмия.














