• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Вторник, 19 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Ақтөбеде оқушылар жаттығатын мұзайдын істен шықты

22/01/2025
in Ей, бұларың не?, Енді не істейміз?
0 0
0
Ақтөбеде оқушылар жаттығатын мұзайдын істен шықты
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Ақтөбедегі балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің мұзайдыны суға айналды. Мұнда жылу алмастырғыш құрылғы істен шығып, ата-аналар наразылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Олимп» балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде былтыр мұздатқыш істен шыққан болатын, бұл жағдай биыл да қайталанды. Бұл жолы жылу алмастырғыш құрылғы іске жарамай қалған.

— Менің қызым 5 жастап бастап мәнерлеп сырғанаумен шұғылданады. Қазір жасы 10-да. Жыл сайын осы жағдай қайталанады. Қыста 2-3 ай мұздатқыш құрылғы істемей қалады. Жазда болса біз 3 ай демалысқа шығамыз. Біз үшін еңбектің өтеуі керек. Ал олар болса осындай кедергілердің кесірінен дұрыс нәтиже көрсете алмайды. Таяуда ғана Орал қаласында өткен жарысқа қатысып келді. Өзге өңірден келген замандастарына қарап жылағым келді. Бізде төмен, нәтиже аз. Жөндеу мемлекеттік сатып алу арқылы өтеді дейді. Балалар айлап күте береме ме,- деді ата-ана Гүлсім Бекеғұлова.

Ал Мәнерлеп сырғанау федерациясының Ақтөбедегі президенті Алтынай Таңбаеваның айтуынша, былтыр да қаңтар айында дәл осындай жағдай болып, мұз суға айналды. Жөндеуге ақша бөлініп, қалпына келгенше үш ай өтіп, балалар сәуірде ғана мұз айдынында қайта жаттығу жүргізген.

— Былтыр үш ай жаттығу болмады. Биыл да балалар бос қалды. Қазір тек залда ғана жаттығу жасаймыз. Оның өзі де дұрыс жабдықталмаған. Алдағы уақытта жарыстар бар, оған қалай дайындалатынымызды, тіпті қалай баратынымызды білмейміз. Былтыр бұзылып, жөнделгенде 5 жылға кепілдік берген еді. Биыл не болғанын білмейміз, — деді Алтынай Таңбаева.

«Олимп» балалар және жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақмарал Орынбасардың айтуынша, мектепте жылу алмастырғыш құрылғысы істен шықты.

— Жылда осы жағдай қайталанып отыр. Былтыр компрессор ауыстырылды. Қазіргі кезде екі компрессор да қосылады, бірақ құрал-жабдық толық жұмыс істей алмай тұр. Бұған дейін екі инженер жұмыс істеді. Олардың жұмысы дұрыс болмай, қазір өзгерлеріне қаратып алдық. Қанша қаржы керек екенін білмейміз. Қанша уақытқа созылатынын да айта алмаймыз,- деді Ақмарал Орынбасар.

Әзірге тек дене жаттығуы жүреді. Сонымен бірге есік алдына мұз қатырып, амалдай тұрмақ.

Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, мұзайдында жылу алмастырғыш істен шыққан. Оны демеушілер есебінен жөндеуі мүмкін. Жөндеу құны шамамен 6-8 млн теңге болады. Ал оған дейін қаладағы жеке мұзайдын сарайымен келісім жүреді.

Айта кетейік, мұнда 338 бала бар. Олар мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккеймен шұғылданады.

Фото: Қонаев әкімдігі.

Tags: "Ақтөбе" ФКмұз айдыны
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Михаил Кукушкин Франциядағы турнирде қарсыласын камбэкпен ұтты

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирде қарсыласын камбэкпен ұтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар». Әлем чемпионатына баратын құрама анықталды

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ордабасының» молдовалық бапкері қызметінен кете ме?

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

Тимур Турлов Қарағандыда футбол федерациясының президенті болды

18/08/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар». Әлем чемпионатына баратын құрама анықталды

18/08/2025
«Батпақтан шығу қиын». Ресейлік сарапшы «Барыстың» әлеуетін бағалады

«Барыс» тағы екі легионерді қатарына қосты

18/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In