Болгариялық Николай Костов «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері атанды.
Бұған дейін 63 жастағы маман тәжірибелі жаттықтырушы Кипр, Украина, Қазақстан және Болгария клубтарында қызмет етті. 2002 жылы «Анортосиспен» Кипр кубогын жеңіп алған. Қазақстанда «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспий» (Ақтау) клубтарын жаттықтырды.
Соңғы жұмыс орны — Болгарияның «Левски» футбол клубы. 2023-2024 жылдары бапкер команда тізгінінде 35 ойынның 19 жеңіп, 7 ойында тең түсіп, 9 ойында жеңіліс тапқан.
Айта кетсек, биыл ақтөбелік клуб үшінші мәрте бапкер ауыстырып отыр. Жыл басында украиналық Игорь Леонов бас бапкер қызметін атқарса, одан кейін Вячеслав Левчук тізгінді ұстады.
Қазір команда турнир кестесінде 33 ұпаймен төртінші орында келеді. Енді олар 17 тамызда өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайды.
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы.