«Қайсардың» жартылай қорғаушысы және капитаны Думан Нәрзілдаевқысқы маусымаралық үзіліс кезінде қызылордалық клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
Тәжірибелі ойыншымен Николай Костов жаттықтыратын «Ақтөбе» клубы байланысқа шыққан.
«Қайсардың» көшбасшы футболшысына басқа да ҚПЛ командалары қызығушылық танытуда.
2025 жылғы маусымда Нәрзілдаев 18 ойын өткізіп, екі нәтижелі пас берген. Сондай-ақ, ол «қасқырлардың» ҚПЛ-дағы орнын сақтап қалуына көмектесті.
Фото: Думан Нәрзілдаев.














