ATP рейтингі бойынша әлемнің төртінші ракеткасы Тейлор Фриц қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға жұптасып өнер көрсетуге ұсыныс жасады, деп жазады penalty.kz.
“Мен Еленаға US Open-да микст ойнағысы келе ме деп сұрадым. Үміттенемін, ол келіседі”, – деді Фриц.
“Иә, біз ойнаймыз деп үміттенемін”, – деп жауап берді Рыбакина Tennis Channel-ге берген сұхбатында.
US Open-2025 микст турнирі қалай өтеді?
- Жұптық микст US Open басталғанға дейін, 19-20 тамыз күндері өтеді.
- Жарысқа 16 команда қатысады.
- 8 жұп рейтинг бойынша анықталса, қалған 8 жұпқа wild card беріледі.
Егер Рыбакина мен Фриц жұп құруды ресми түрде растаcа, бұл теннис әлеміндегі ең қызықты дуэттердің бірі болмақ.
Фото: zakon.kz.