7 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас штаты, АҚШ) өтетін бұл кездесу орта салмақтың бірден үш чемпиондық белдігі – WBO, IBF және WBA нұсқалары үшін шешуші айқас болмақ.
Зиттельдің сөзінше, аренаға екі чемпион шыққанымен, фаворит – Жәнібек.
«Менің ойымша, бұл жекпе-жекте жеңіс Жәнібекке тиесілі. Лараның жасы 42-де. Иә, орта салмаққа көтерілгеннен кейін оның сол қолы әлі де мықты қару болып келеді. Бірақ Жәнібектің финттері, жоғары жұмыс қабілеті және жастық серпіні оған анық басымдық береді», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сарапшылар пікіріне қарағанда, жекпе-жек тартысты өтпек, алайда жас әрі қарқыны жоғары қазақстандықтың мүмкіндігі басым деп бағаланып отыр.
Фото: әлеуметтік желіден.














