Қазақстан құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан елордада өтіп жатқан Әлем кубогы аясында алғашқы кездесуін өткізді, деп жазады 1bol.kz.
Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Дженифер Лозаномен (АҚШ) жұдырықтасты. Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, қазақстандық боксшы шешуші раундта жеңісті жұлып алды.
Осылайша, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.
Фото: ҰОК.