Қазақстан құрамасының спортшысы Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өтіп жатқан Ашық чемпионатта екінші орын алды. Бұл туралы ҰОК жазды.
Қазақстандық спортшы слалом жарысында күміс медальға ие болды.
Бірінші орынды италиялық Франческа Фанти иеленді. Үшінші орынға Валентина Филл (Италия) жайғасты.
Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз FIS турнирінде алтын медальға ие болған еді.
Александра Скороходова Қазақстан атынан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетеді.
Фото: ҰОК.














