Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы және «Астана» ойыншысы Александр Марочкинге «Ақтөбе» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
35 жастағы қорғаушы басқа клубтармен келіссөздер жүргізбес бұрын елордалық командадан нақты ұсыныс күткісі келеді.
«Ақтөбе» Александр Марочкин секілді тәжірибелі ойыншылармен келісімшартқа отыру арқылы қорғанысын нығайтуды көздеп отыр. Дегенмен, қорғаушының трансфері туралы әңгіме айтуға әлі ерте.
Марочкинге «Қайсар» мен «Қызылжар» командалары да қызығушылық танытуда.
Фото: Александр Марочкин.














