Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Чанчжоу (Қытай) АТР 250 турнирінің финалына шықты.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 196-сатыдағы қытайлық У Ибинді қапы қалдырды.
Екі сет те 6:3 есебімен аяқталды.
Бір сағатқа созылған кездесуде Бублик 19 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ибин 2 эйстен аса алмады.
Александр Бублик финалда әлемнің 88-ракеткасы, франциялық Валентен Руаемен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Өткен жылы Ханчжоуда хорватиялық Марин Чилич үздік шыққан еді.
Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко Чэнду (Қытай) АТР 250 турнирінің жартылай финалында әлемнің 9-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттиге есе жіберді — 3:6, 1:6.
Дегенмен, жартылай финалға дейін жеткен А.Шевченко қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 96-дан 88-орынға көтеріліп тұр.
Фото: Sports.kz.