Үшінші айналымда Бублик әлемнің 4-ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицпен кездесті. Бұған дейін теннисшілер алты рет ойнап, есеп тең болған – 3:3.
Бұл жолы қазақстандық спортшы сенсациялық жеңіске жетті. Бірінші сет аса тартысты өтіп, тай-брейкте Бублик қарсыласынан басым түсті – 7:6 (7:5). Екінші партияда да Бублик ойын тізгінін уысында ұстап, екі брейк жасап, матчты жеңіспен аяқтады – 6:2.
Матч ұзақтығы – 1 сағат 26 минут.
Статистика:
- Бублик – 11 эйс, 1 қос қате, 10 брейк-пойнттің 2-сін пайдаланды
- Фриц – 15 эйс, 5 қос қате, 4 брейк-пойнттың ешбірін іске асырмады
Бұл нәтижемен Александр Бублик карьерасында алғаш рет Париж мастерс турнирінің ширек финалына шықты.
Ширек финалда ол әлемнің 6-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минорға қарсы ойнайды. Соңғысы 1/8 финалда ресейлік Карен Хачановты 6:2, 6:2 есебімен жеңген.
Қазіргі сәтте Бублик ATP Live рейтингінде 13-орынға көтерілді.
Фото: ©x.com/RolexPMasters.
 
                                 
                                 
			 

 
                                 
							











