Жаңартылған әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисшілердің орны анықталды.
Кеше Гонконг ATP 250 турнирінде жеңімпаз атанған Александр Бублик 11-ден 10-орынға көтерілді. Сөйтіп ол ерлер арасында ATP рейтингісінде ТОП-10-ға кірген алғашқы қазақстандық теннисші болды.
Александр Шевченко 106-дан 104-ке көтерілсе, өткен аптада Бангалор жарысының финалына дейін жеткен Тимофей Скатов 235-тен 195-ке дейін жоғарылады.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде 5-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 74-тен 105-ке дейін құлдырады. Жұптық сында Анна Данилина 14-орында қалды.
Фото: Sports.kz.














