Албаниялық шабуылшы Рубин Хебай мансабын қостанайлық «Тобылда» жалғастырады, деп хабарлайды ASnews.kz.
Форвардтың соңғы жұмыс орны өзбекстандық «Согдиана» болды. Ойыншының нарықтық құны қазіргі уақытта 350 мың еуроны құрайды.
Хебай өз мансабында албаниялық «Влазния», «Партизани» және «Теута», словениялық «Домжале», украиналық «Ворскла», македониялық «Шкендия», сауд арабиялық «Аль-Оруба» және тунистік «Сфаксьен» клубтарында ойнап үлгерген. Өзбекстанда ол «Согдианадан» бөлек «Андижан» мен «Насаф» намысын қорғады, деп хабарлайды өзбекстандық тілші Нарзулла Садуллаев.
Хебай екі рет Албания чемпионатын жеңіп алды, Солтүстік Македония чемпионы атанды, Албания Кубогы мен Суперкубогына, сондай-ақ Өзбекстан Суперкубогына қол жеткізді. Сондай-ақ жаңа ойыншының еншісінде Албания жастар құрамасы сапындағы тоғыз ойын және үш гол бар.
Фото: Рубин Хебай.














