Испаниялық жартылай қорғаушы Пабло Альварес «Ақтөбеде» шамамен 17 млн теңге (30 мың еуро) табыс табады, деп хабарлайды ASnews.kz.
Испаниялық «Вильярреалдың» түлегі «ақ-қызылдардың» ең көп жалақы алатын футболшыларының қатарына енді. Сонымен қатар, 28 жастағы жартылай қорғаушының келісімшартында нәтижелілікке байланысты бонустар да қарастырылған.
Егер испаниялық ойыншы маусым барысында «гол+пас» жүйесі бойынша сегіз ұпай жинаса, қосымша 4,5 млн теңге (8 мың еуро) алады. Айта кетейік, украиналық «Карпаты» сапында 41 матч өткізген Альварес екі гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Бұған дейін испаниялық футболшы болгариялық «Черно Море» және хорватиялық «Риека» клубтарының намысын қорғаған.
Фотода: Пабло Альварес.














