• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Әлия Юсупова ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

Оның басшылығымен үш спортшы Олимпиада ойындарына жолдама алды

17 января, 2025
in Енді не істейміз?, Ұзынқұлақ, Ұлттық спорт
0 0
0
Әлия Юсупова ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Көркем гимнастикадан Қазақстанның ең танымал тұлғаларының бірі Әлия Юсупова ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткенін жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол екі бірдей Олимпиада ойындарына қатысып, 2012 жылдан бастап Қазақстан құрамасын басқарды.

Оның жетекшілігімен қазақстандық гимнастар халықаралық ареналарда табыстарға жетіп, құрлықтық чемпионаттарда, Азия ойындарында және әлемдік турнирлерде медальдар жеңіп алды.

Әлия Юсупованың айтуынша, бұл шешім Қазақстан гимнастика федерациясындағы жұмысына толығымен көңіл бөлгісі келгенімен байланысты.

«2009 жылы спорттық мансабымды аяқтаған соң өзімді бапкерлік қызметте сынап көргім келді. Мен өзім дайындаған гимнасты Олимпиадаға шығарып, сол ойындарға бапкер ретінде қатысуды мақсат еттім. 2012 жылы маған осындай мүмкіндік беріліп, Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне кірістім. Үш Олимпиадада біз жақсы нәтижелер көрсете алдық. Үш рет гимнастарды Олимпиадаға дайындағаныма өте қуаныштымын. Мұндай жауапты қызметте маған сенім артқаны үшін елге, басшылыққа алғысымды білдіремін. 2025 жылдың қаңтарынан бастап бас бапкер қызметінен кетемін, өйткені федерациядағы жұмысқа толықтай көңіл бөлгім келеді. Осылайша, басқа бапкерлерге өздерін көрсетуге мүмкіндік беруді жөн көрдім. Баршаңызға сәттілік тілеймін», — деді Әлия Юсупова.

Әлия Юсупова — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және еңбек сіңірген бапкері. Ол екі рет Олимпиада ойындарында өнер көрсетті. 2004 жылы Афинада Юсупова жүлдеден бір қадам қалыс қалса, 2008 жылы Бейжіңде бесінші нәтиже көрсетті.

Оның басшылығымен үш спортшы Олимпиада ойындарына жолдама алды. 2016 жылы Сәбина Әшірбаева, 2020 жылы Әлина Әділханова, ал 2024 жылы Эльжана Тәниева Олимпиадада өнер көрсетті.

Көркем гимнастикадан Қазақстан спортшылары Азия чемпионаттарында, Азия ойындарында және Әлем кубогы мен Гран-при кезеңдері секілді беделді әлемдік турнирлерде жүлделі орындарға ие болды.

Әлия Юсупова «Ерен еңбегі үшін», «Әлемдік деңгейдегі гимнаст» медальдарымен және «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Еске салайық, бұған дейін көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы, үш дүркін Азия чемпионы Эльжана Тәниева спорттық мансабын аяқтаған еді. Ол бұл туралы Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

«Мен кәсіби мансабыммен қоштасамын. Бұл мен үшін жай ғана спорт емес, өмірімнің бір бөлігі болды. Мен төрт жасымда алғаш рет гимнастика залына кірген күнді ешқашан ұмытпаймын. Сол кезде мен кішкентай бала болсам да, жүрегімде олимпиада арманын орындауға деген ұмтылыс болды. Кілемге шығар алдындағы толқу, прожектор жарығы астындағы әр қозғалысым, көрермендердің шапалағы — мұның бәрі мәңгі есте қалады. Бұл жол оңай болған жоқ. Кейде күшім таусылғандай, қиындықтар еңсерілмейтіндей көрінетін сәттер болды. Бірақ дәл сол сәттерде маған сенген адамдар жанымнан табыла білді, — деді спортшы.

Эльжана Әлия Юсупованың шәкірті болды. Спортшы Әлия мен жаттықтырушыларына алғысын білдірді.

Фото: olympic.kz.

Tags: Әлия ЮсуповагимнастикаКөркем гимнастикаЭльжана Тәниева
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Болякин хоккейімізді құртатын болды

Болякин хоккейімізді құртатын болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In