Бейнежазбада Нгамиссенге жаттығудың бірнеше кезеңін көрсетеді. Оның физикалық дайындығы мен жеңіске деген ұмтылысы бейнежазбадан анық байқалады.
Айта кетейік, 5 сәуір күні Астанада отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) мен Анауэль Нгамиссенге арасында жекпе-жек өтеді. Бұл кездесуде Әлімханұлы өзінің орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғайды.
Еске салайық, 4 қазанда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңіп, IBF және WBO чемпиондық атақтарын қорғаған болатын.
Фото: Видеодан кадр.