Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жария еткен рейтингіде қазақстандықтардың орындары белгілі болды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 13-тен 11-орынға шықты. Бұл — оның әлемдік рейтингідегі жеке рекордтық көрсеткіші. Өткен аптада Бублик 16-дан 13-ке көтерілген еді.
Осылайша, А.Бублик үздік ондыққа кіруге жақындады.
Қазіргі кезде Италияның Турин қаласында өтіп жатқан ATP қорытынды турнирінде қазақстандық теннисші қосалқы ойыншы ретінде тіркелген.
Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко 97-ден 95-ке жоғарылады.
Әлемдік рейтингіде испаниялық Карлос Алькарас италиялық Янник Синнерді ығыстырып, қайтадан көш бастады. Германиялық Александр Зверев үздік үштікті түйіндеп тұр.
Фото: Sports.kz.














