Теміров Нұрсұлтан Маратұлы әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды.
Нұрсұлтан Маратұлы – құрама құрылымындағы тәжірибелі мамандардың бірі.
Ол халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау ісін терең меңгерген, ұзақ мерзімді спорттық жетілдіру әдістемесін қалыптастырған кәсіби бапкер.














