Жұлдыз футболшының шаңырағында ұл бала дүниеге келді, деп жазады penalty.kz.
Белгілі болғандай, Хусановтың шаңырағында ұл бала дүниеге келген. Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде жарияланып, жанкүйерлер арасында кеңінен тарады.
Желіде тараған суреттердің бірінде футболшы «Манчестер Сити» формасында жаңа туған сәбиін құшағына алып тұрғаны көрінеді.
Желідегі жазбалар
Өз кезегінде өзбекстандық жанкүйерлер мен «Манчестер Сити» клубының фанаттары әлеуметтік желілерде футболшыны құттықтап жатыр. Көпшілік жаңа туған сәбиге денсаулық пен жарқын болашақ тілеп, әкесінің жолын жалғастырады деген сенім білдіруде.
Фото: Offside.kz.














