УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі 3-тур ойындарынан кейін Opta суперкомпьютері турнирдің басты үміткерлерін анықтады, деп жазады aladop.kz.
Жасанды интеллект жүргізген талдау нәтижесінде Лондондық “Арсенал” бас фаворит атанды.
Фавориттер тізімі:
• “Арсенал” — жеңіске жету ықтималдығы 21,13%
• “Париж Сен-Жермен” — 14,03%
• “Ливерпуль” — 12,31%
Үш тур қорытындысы бойынша “ПСЖ” турнир кестесінде бірінші орында тұр.
Одан кейінгі екі орында — “Бавария” мен “Интер”.
2025/26 жылғы маусымның финалдық матчы 2026 жылдың 30 мамырында Венгрия астанасы Будапешттегі “Пушкаш Арена” стадионында өтеді.














