• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 10 сентября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Нидерланд спортшысы қазақтың жиені болып шықты

23 жастағы Шон Ниволд бірнеше рет ел чемпионы атанған

09/09/2025
in Енді не істейміз?, Олимпиада
0 0
0
Нидерланд спортшысы қазақтың жиені болып шықты
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

23 жастағы Нидерланд жүзушісі Шон Ниволд – ел чемпионатында бірнеше мәрте топ жарған дарын. Бірақ ол тек голланд спортшысы ғана емес, анасы арқылы қазақтың ұлы. Спортшының өзі: «Жүрегімнің бір бөлігі – Қазақстанда» дейді. Бұл туралы 1bol.kz хабарлады. 

Шонның анасы – Атыраудан шыққан Эльмира есімді қазақ қызы. Ол болашақ жары, Шонның әкесімен жұмыс бабымен шетелде танысқан. Шон Нидерландта туып-өскен, қазір 50 және 100 метр қашықтықта елдің үздік жүзушілерінің бірі. Тіпті, 2024 жылы Париж Олимпиадасында бақ сынаған.

«Әкем – голланд, анам – қазақ. Бірақ менің мінезімді қалыптастырған – анам. Сондықтан өзімді екі мәдениеттің өкілі санаймын. Қазақтығымды мақтан етемін», – дейді Ниволд.

«Жүрегім – қазақ»

Шон Қазақстан туы бейнеленген киім киіп, ұлттық әуендерді тыңдайды. Анасынан қазақтың дәстүрі мен тарихын үйренген.

«Анам – Адай руынан. Ол ата-бабамыздың қайсарлығын жиі айтатын. Бұл маған рух береді. Жарыстарда Қазақстан туралы мақтанышпен айтып жүремін. Өзімді командамда кішкентай елші сезінемін», – дейді спортшы.

Ол қазақ тағамдарын да ұмытпаған: бауырсақ, қазы-қартасы бар бешбармақ – сүйікті асы. «Үйіміз кішкентай Қазақстанға айналып кететіндей сезімде боламын», – дейді ол.

Шон бала күнінде футбол, баскетбол, тенниспен айналысқан, бірақ жүзуде ерекше еркіндік тапқан. Кумирі – Майкл Фелпс.

2024 жылғы Париж Олимпиадасын ол: «Бала арманымның орындалуы. Әлемнің мықтыларымен бірге жүзу – баға жетпес тәжірибе» деп сипаттады.

Қазақстанмен байланысы

Әлеуметтік желілерде тараған видеосынан кейін Шонға Қазақстаннан көптеген жанкүйер жазылған. «Мені «жиеніміз, бауырымыз» деп қолдап жатқандарды көру – үлкен қуаныш», – дейді ол.

Қазақстанға келуге ниетті екенін де жасырмайды:

«Жақында елге барып, туыстарымды көріп, жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізгім келеді».

Фото: Sports24.kz.

Tags: ОлимпиадаПариж олимпиадасысуда жүзуШон Ниволд
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Нидерланд спортшысы қазақтың жиені болып шықты

Өзбекстан құрамасы тарихи трофейге қол жеткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа түсіріп, 1/4 финалға өтті

Назым Қызайбай жеңіске жетті

10/09/2025
Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа түсіріп, 1/4 финалға өтті

«Барыс» 7 минутта камбэк жасап, ҚХЛ-да көш бастады

10/09/2025
Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа түсіріп, 1/4 финалға өтті

Нұрбек Оралбай қытайлық Тоқтарбек Таңатқаннан басым түсті

10/09/2025
Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа түсіріп, 1/4 финалға өтті

Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа түсіріп, 1/4 финалға өтті

10/09/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа түсіріп, 1/4 финалға өтті

Назым Қызайбай жеңіске жетті

10/09/2025
Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа түсіріп, 1/4 финалға өтті

«Барыс» 7 минутта камбэк жасап, ҚХЛ-да көш бастады

10/09/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In