Матчқа ресми түрде сириялық төреші Ханна Хаттаб бекітілген болатын. Алайда, ол бірінші таймда күдікті әрекеттерімен ойыншылардың наразылығын тудырды. Атап айтқанда, алаңның ортасында болған ереже бұзу фактісіне байланысты төреші «Әл-Жазираның» айдалада жүрген қақпашысына «сары қағаз» көрсеткен. Сөйлесу кезінде оның аузынан алкогольдің иісі шыққанын байқаған футболшылар дереу шағымданып, ақыры бірінші таймнан кейін алаңға резервтегі арбитр шықты.
Нәтижесінде матч 1:0 есебімен «Әл-Жазираның» жеңісімен аяқталды. Ойындағы жалғыз голды бразилиялық легионер Андерсон Талиска соқты.
Айта кету керек, Ханна Хаттаб 2015 жылдан бері халықаралық дәрежедегі арбитр саналады.
Азия футбол конфедерациясы бұл жайтқа байланысты әлі ресми мәлімет таратқан жоқ. Төрешіге қандай шара қолданатыны да әлі белгісіз.
Фото: скрин YouTube.














