«Клуб ұжымы, ойыншылар мен басшылық Рамунас Цвирканың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады» — делінген хабарламада.
Клуб мәлімдемесінде Рамунас Цвирканың баскетбол саласына сіңірген еңбегі ерекше аталып өтті.
«Рамунас Цвирка өмірінің басым бөлігін баскетболды өркендетуге арнаған тәжірибелі маман болды. Оның жетекшілігімен команда кәсібиліктің жоғары деңгейі мен нәтижеге деген ұмтылысын көрсетті. Бас бапкердің клуб пен ойыншылардың дамуына қосқан үлесі шексіз».
Фото: Meta-ratings.kz.














