Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (UEFA) 51-ші Конгресі 2027 жылы 4 наурызда Қазақстан астанасында өтетінін ресми жариялады.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
Бұл шешім Брюссельде өткен UEFA-ның мерейтойлы 50-ші Конгресінде хабарланды. Конгреске Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Давид Лория қатысты.
UEFA Конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін Конгреске 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері жиналады. Іс-шара аясында Еуропадағы футболдың стратегиялық дамуын айқындайтын негізгі шешімдер қабылданады, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі, халықаралық жарыстарды өткізуге қатысты мәселелер қаралады, сондай-ақ UEFA-ның басшы органдары сайланады.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform.














