Нидерландтық конькиші Фемке Кок «Милан – Кортина-2026» қысқы Олимпиадасында әйелдер арасындағы 500 метр қашықтықта алтын жеңіп алды және 36,49 секунд нәтижемен Олимпиада рекордын орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Күміс жүлде оның отандасы Ютта Леердам (37,15) еншісінде кетсе, жапониялық Такаги Михо (37,27) қола иеленді.
Кок 0,66 секунд басымдықпен сенімді жеңіске жетті. Ол жарыс тағдырын алғашқы метрлерден-ақ шешті: алғашқы 100 метрді 10,18 секундта жүгіріп өтіп, үздік уақыт көрсетті. Қорытынды айналымды 26,31 секундта еңсеріп, қарсыластарын артта қалдырды.
Фото: ©Видеодан скрин.














