18 жастағы «Қайрат» шабуылшысы Мансұр Бірқұрманов еуропалық скауттардың назарын өзіне аударды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Дереккөздің мәліметінше, даниялық скауттар Бірқұрмановтың UEFA Youth League 5-турында «Копенгаген» қақпасына (2:2) соққан голынан кейін онымен байланысуға тырысуда.
Өткен маусымда шабуылшы бірінші лигада «Қайрат-Жастар» сапында тоғыз матч өткізіп, үш гол соқты. Ал биыл UEFA Youth League турнирінде төрт матчқа қатысып, бір гол рәсімдеді.
Фото: Мансұр Бірқұрманов.














