Қазақстандық теннисші, әлемнің 798-ракеткасы, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирін жеңіспен бастады.
Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген Әмір алғашқы айналымда рейтингіде 1 187-орындағы италиялық, 22 жастағы Леонардо Примуччидің мысын басты.
Аса тартысты өткен бәсекеде бірінші сетте италиялық спортшы тай-брейкте басым түсті – 7:6 (7:5). Дегенмен бұдан кейін Ә.Омарханов таразы басын аудара білді – 6:4, 6:2.
Әмір Омарханов ширек финалға шығу үшін рейтингіде 1 100-сатыдағы оңтүстіккореялық Ким Джун Гунмен таласады.
Қазақстандық жас теннисшіге рейтингілік ұпай қорын молайту үшін осындай додаларда барынша сәтті өнер көрсету керек-ақ.
Фото: ҚТФ.














