Қазақстандық 17 жастағы шабуылшы Алдияр Нұрғали Испанияның «Леванте» клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды, деп жазады aladop.kz.
2026 жылдың көктеміне дейін Алдияр Нұрғали «Леванте» клубының 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында (U-19) өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта чемпионатта екінші орында тұрған командамен бірге ол Испания кубогының іріктеу кезеңінен де сәтті өтті.
Айта кетейік, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының шабуылшысына елдегі танымал клубтар – «Валенсия» мен «Вильярреал» да қызығушылық танытқаны мәлім. Айта кетейік, жуырда «Эльчеге» қарсы өткен ойында Алдияр Нұрғали дубль жасап, өз командасына жеңіс әкелген болатын — 2:1.
Фотода: Алдияр Нұрғали














